Сайрамдық жастар көпке үлгі болды

Oinet.kz 18-08-2020 620

image.png

Пандемия тұсында қолдау көрсетунағыз батырлықпен пара-пар болар. Жұртпен бірге болып, бірге көріп жүрген тұлғалардың жақсылықтары қашан да тілге тиек. Әсіресе бұл тұрғыда Сайрам ауданы «Нұр Отан» партиясының қатарындағы жастар мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсенділік танытуда. Олар түрлі қаржы көздерін қарастырып, халыққа үнемі жәрдем беріп келеді. Бұл көмекке мұқтаж жандар үшін үлкен демеу болуда.

Сайрамдық  жастардың  қай істе болсын  сырт қалғаны жоқ. Қайта олардың бірлігі мен белсенділігі кешегі төтенше жағдай мен карантин кезінде қайта одан сайын арта түскендей. Олар қиналған халыққа   қаржы көздерін таба отырып, зор қолдау білдірді. Тіпті, өз араларынын да суырылып шығып,  демеуші болып, мұхтаж жандарға қол ұшін бергендер де аз болмады.  Бұл азамат - «Нұр Отан» партиясының мүшесі  Бекжан Айтқұлов.  Белсенді жас өз  жиған – тергенінен  бір жарым миллион теңге қаражат бөліп, ауданның 40 қа жуық тұрғынына азық – түлік пен дәрі дәрмек таратқан. 

Мұндай жәрдемдер  негізінен   көмекке аса мұқтаж  және  мүмкіндігі шектеулі жандар мен  үйде емделіп жатқан  науқастарға берілуде. Қажет кезінде жасалған мұндай көмектерге тұрғындардың айтары да алғыс.

Сайрамдық жастар,  мұқтаж жандарға азық- түлік таратумен қатар, науқас жандарды қажетті дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуді де 

қолға алған.  Азаматтар бұл жолы да науқастарға арналған бірнеше медициналық қобдишаны аудандық ауруханаға табыс етті. 

Бұл жастар бұған дейін де «Шипа» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарған.   Жалпы айтқанда,  Сайрам аудандық белсенді жастардың  мұндай қайырымдылық істері  жетерлік.  

Сайрамда залалсыздандыру жұмыстары әлі де жалғасуда
Қазығұрт: Интернет мәселесі шешіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу