Қазығұрт: Интернет мәселесі шешіледі

Oinet.kz 19-08-2020 598

image.png

Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Еліміздегі коронавирустық инфекциядан келер қауіптің әлі де сейілмегенін ескере отырып, қашықтан оқыту жүйесі жалғасады деп жоспарлануда. Өткен соңғы тоқсанда онлайн білім алған оқушылар үшін енді бұл таңсық дүние емес. Олар талапқа сай компьютермен қамтамасыз етіліп, интернет мәселесі шешімін тапса болғаны.

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында білім бөліміне қарасты 68 мектеп бар. 1 қыркүйек әдеттегідей оқу жылы басталады. Білім саласы турасын қандай жоспар құрылып отырғанын аудан әкімі Төлеген Телғараев айтып берді. Тіпті, жаңа оқу жылына дайындық та басталып, тиісті жұмыстар атқарылып та жатыр екен.

– Алдағы уақытта 18 шағын комплектті мектептерде талаптарды сақтай отырып, штатты режимде жұмыс істейді. Қалған 50 мектепте қашықтықтан оқуды жалғастырады. Әлдеде бұл нақты шешім емес. Компьютерлермен қамтамасыз ету бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты мектептердегі барлық санитарлық талаптарды орындау үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қажетті ансептикалық спрей, тепловизорлар, 60 мың дана бетперде алуға жұмсайтын боламыз. Қашықтан оқытылатын мектептерде компьютерге байланысты республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Жетіспей жатса, аудандық бюджеттен де бөлінетін болады. Жалпы айтқанда қазіргі таңда 4785 компьютер қажет. Өзіміздің резервімізде 2000 дана бар. Бірінші кезекте мұқтаж отбасылар қамтылады. Оқулықтар бойынша мәселе жоқ, 25 тамызға дейін жеткізілетін болады,- Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев.

Педагогтар қашықтықтан білім алатын болса, оқушылар үшін оқулық пен компьютерден бөлек мәселе интернет болып тұр.. Себебі, Қазығұртта мүлдем интернет желісі жоқ ауылдар да бар. 60 елдімекен  бар болса, 14-інде 4G ұстаса, 22-сінде 3G желісі ұстайтын көрінеді. 9 елдімекенде 2G – бұл дегеніміз онлайн сабаққа жарамайтын көрсеткіш секілді. Ал қалған аудан өкінішке орай әлеуметтік желінің қызығын көрмек түгілі, мүлдем байланыссыз. Қазіргі таңда аудан әкімі «Қазақтелеком» компаниясымен тығыз жұмыс істеп, 30 елдімекенге интернет желісін тартып беруді жоспарлап отыр.

Сайрамдық жастар көпке үлгі болды
Қазығұрт: Жағдай тұрақталып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу