Сайрамда залалсыздандыру жұмыстары әлі де жалғасуда

Oinet.kz 18-08-2020 621

image.png

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлығына сәйкес, бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіндегі барлық көшелерде дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Дезинфекция барысында, МТЗ-80 тракторы тартылып, халық көп шоғырланатын орындар, шағын және орта кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтарының төңіректерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан көлемінде халық көп шоғырланатын орындарды залалсыздандыру жұмыстары әлі де жалғасын табады.

Қазіргі таңда індеттен сақтану мақсатында аудан көлемінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Карантин режиміне сәйкес бірқатар шектеулер енгізілді.

Осыған орай Жандарбек Бекшин бүкіл әлемде ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алуда дезинфекция жасау тиімді әдістердің бірі болып табылатынын атап өтке болатын. Коронавирус та қауіпті инфекцияға жатады.

"Коронавирус ауада көп тұрмайтын вирус болып табылады. Ол беткі қабаттарға қонады: тұтқа, баспалдақты марштарда, есік тұтқаларында, аула аумақтарында, сол себепті дезинфекция жүргізу қажет", деді ол.

Сонымен бірге, Жандарбек Бекшин коронавируспен күресте сертификатталған, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, ЕЭО елдерінде тіркелген дезинфекциялық құралдар пайдаланылатынын айтты. Негізінен белгілі мөлшердегі Глюкозамин және Акма Хлор қолданылады, олар адам үшін қауіпсіз: Глюкозамин 0,003 % мөлшерлік дозасында, Акма Хлор 0,05 мөлшерінде пайдаланылады, бұл – қауіпсіз ерітінді.


Сайрам: Ынтымақ - достық кепілі
Сайрамдық жастар көпке үлгі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу