Түркістанда каналдар саны артады

Oinet.kz 09-11-2019 794

Screenshot_9.jpg

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Қазыбек би көшесі бойында салынып жатқан жаңа аллеяның жұмысын бақылады.

“Каналдардың жалпы саны 10-нан асады. Биыл 4-і аяқталды. Түркістанда күн ыстық болғандықтан, микроклиматты құру үшін, адамдар келіп серуендейтін орын жасауымыз керек. Мұндай орындар саны келер жылы 30-дан асады деп жоспарлап отырмыз. Осы жылы 20 шақтысының жобасын дайындап қойдық. Жұмыстар көктемге дейін толық аяқталады”, – деді Р.Абатұлы.

Балаларға арналған ойын алаңшасы – олар үшін таптырмас дүние болған. Себебі, ондағы әр үйдің кішкентайларының барлығы дерлік салауатты өмір салтын ұстануда. Балалар мұнда көптен бері келіп, демалыс күндері сол алаңшада өтетіндіктерін қуана жеткізді.

Жалпы, аллея жұмысы маусым айында басталған болатын. Алда екі апта ішінде толықтай аяқталады деп күтілуде. Мұнда бүгінде футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы, сондай-ақ жарықшамдар мен орындықтар қойылған. Жаз мезгілінде каналдардан су өтіп, нәтижесінде шомылуға мүмкіндік береді. Каналдың ұзындығы 7 км-дей. Шаһарды жасыл қалаға айналдыру мақсатында бөлінген 32 сектордың қолдауымен жан-жағына ағаш егілуде.

Қала әкімі әлеуметтік желі арқылы келіп түскен өтініштерді қарады
Сауда ойын-сауық кешендері де қала экономикасында маңызды рөл ойнайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу