Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Түркістан қаласында туризм саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Себебі, туризм саласы жеміс ағашы секілді уақыт өте келе өз жемісін беретін ауқымды сала. Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды. Жобаға қатысатын еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсететін болады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жобаның басты мақсаты — Түркістанға келген туристерді сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастарды алдағы уақытта туризм саласында жұмыс жасауына ынталандыру.
Қатысушылар біркелкі әдістемемен жасалған ақпаратпен және электрлі самакатпен жабдықталған. Еріктілер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты аумақта қызмет атқаратын болады. Олар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында 20 сағатқа – 20 000 теңге немесе 2 академиялық сағатты жабуға мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда, «Ask Me, I am local» жобасына Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ң 20 студенті ерікті түрде қатысуда, алдағы уақытта еріктілер санын 3 есе асыру жоспарланып отыр.