Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Халық – мемлекеттің басты байлығы. Денсаулықты жоғарғы орынға қойған елімізде қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммунизациялау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізілуде. Науқастың мыңнан бірін ажалға ұрындыратын аурудың алдын алу мақсатында Түркістанда 20-29 жас аралығындағы тұрғындарға аталмыш дертке қарсы екпе салу басталды. Қазіргі таңда облыс орталығында осы жастағы 30503 адам болса, оның 15 мыңға жуығына жыл соңына дейін вакцина егіледі деп жоспарлануда деп хабарлайды қалалық "Түркістан" газеті.
Бүгін қалалық емханада ақ халаттылар алдымен вакцина салдырушының дене қызуы мен қан қысымын жіті тексеріп, тамағының көтерілмегендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана іске кіріседі екен. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, екпеден еш қорқудың керегі жоқ. Себебі, вакцина Индияда шығарылып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. 50 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 45 елінде қолданылып келеді.
Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы (ТКҚСҚББ) басшысының орынбасары Гүлнара Әбішеваның айтуынша вакцина жүкті әйелдер мен емізулі аналарға, ВИЧ және СПИД-пен ауыратын адамдарға салынбайды. Халық денсаулығын жақсарту, жұқпалы кеселдің алдын алу үшін иммундау 95 пайыздан кем болмауы керек екендігін алға тартты. Сондай-ақ, ТКҚСҚББ-нің 20 мен 29 жастағы екі маманы вакцинаны алдыңғылардың бірі болып қабылдап, қызылшадан сақтанудың бірден бір жолы вакцина екендігін ескертіп, тұрғындарды өз иммунитетін көтеруге шақырды.