Құпиясы ашылмаған кесенелер жұмбақтығымен туристерді өзіне тартады

Oinet.kz 04-10-2019 949

bala-bi.jpg

Шетіне көз жетпес ұшы-қиыры жоқ ұлы Тұран даласы бойына талай сырды бұғып жатқаны белгілі. Сайын даланың ежелгі тарихынан сыр шертетін кесенелер әр тұста оқтын-оқтын кездеседі. Сонау шетелден келетін туристерді осындай құпия кесенелер, бағаналар қызықтыратыны белгілі. Түркістанда мұндай тұла бойы құпияға толы, жұмбақтығымен адамды өзіне баурап алар кесенелер өте көп. 

Киелі шаһардағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Бала би (Тамабай) мазары — ХІХ ғасыр соңында салынған сәулеттік құрылыстар қатарына жататын жергілікті маңызы бар ескерткіш. Бала би — Қожа Ахмет Ясауи ілімін жалғастырушы, ірі дін өкілі ретінде мәлім. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған ескерткіш Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көне мазаратта орналасқан.

Шағын бір бөлмеден тұратын мазар өлшемдері — 4,7х4,7 метр. Тік төртбұрыш түрінде салынған мазар күмбезделіп жабылған. Күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі — 4,5 метр. Жақтаулары кірпіштерді әсемдеп қалау арқылы безендірілген. Есік және терезе жақтауларында темір торлар орналасып, ішкі келбеті сыланған. Бала би (Тамабай) мазары 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Түркістан облысы бойынша жинағына №597 нөмірімен енгізіліп, мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі — 1,0545 га.

Screenshot_32.jpg

Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-батыс беткейінен 30 метр қашықтықта орналасқан. Бейіттің жоғары бөлігі қандай болғандығы белгісіз, тек төменгі мүрдеханасы жақсы сақталып қалған. Бұл мазарда жерленген адамдар жайында ешқандай дерек жоқ және соған байланысты «белгісіз мазар» деп аталды. 

Мұхиттың арғы жағынан арқаланып келген туристер осындай жұмбақ нысандарды ары-бері қарап, сырын таба алмағанынан, өз болжамдарынан рухани ләззат алып, елдеріне зор әсермен қайтары анық.  

«Жұма мешітінде» бөгелетін туристер көп
Түркістандық жастар демалыстарын тиімді өткізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу