XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы нысандар ТМД туристерін көптеп тартуда

Oinet.kz 09-10-2019 877

Screenshot_23.jpg

Түркістан қаласы тек Орта ғасырдағы тарихи нысандармен ғана емес, патшалық Ресей тұсындағы көптеген нысандарымен танымал. Патшалық Ресей тұсында көптеген қазақ азаматтары оқу оқып, білім алып, ел үшін еңбек етті. Сол тұстарда Алаш арыстары көп жұмыс істеді. Сол кездерде қазақ ұлтының иммуниеті қалыптасты. Дәл қазір Түркістан қаласында осыдан 1-1,5 ғасыр бұрынғы ғимараттар сақталып тұр. Бұл ғимараттарды көре отырып патшалық Ресеймен қатар Совет Одағының тыныс-тіршлігімен танысуға болады. Бүгінде Түркістанға ТМД елдерінен, оның ішінде Ресейден көптеген туристер Түркістанға сол нысандарды көру үшін арнайы келіп жатады. 

Түркістанда XIX ғасырдың аяғында салынған Казарма туристік нысанға айналған. Орналасқан жері Көне Түркістан қаласының аумағы. Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Бұл құрылыс Түркістандық атқыштар батальонының І-ші ротасының кіші шендегі офицерлеріне казарма ретінде соғылған. 2014-2015 жж. ескерткішке қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы музейдің реэкспозициялық жаңғырту, толықтыру, ескі экспозициялық қойылымдарды жаңа шешімде қайта құру жұмыстары жүргізіліп қайта жаңарды.

Screenshot_24.jpg

Ал, Гарнизон штабы - ХІХ ғасырдың көркемдік тарихи-сәулет ескерткіші. Орналасқан аумағы Әйтеке би көшесі, №1. Республикалық маңызы бар ескерткіш. Казарма ғимаратымен қатар тұрған бұл Түркістан гарнизон құрылыс кешенінен сақталынған жалғыз ғимарат. Типтік жобада тұрғызылған.

Туристер қос нысанға көптеп келеді. Олар мұнда Патшалық Ресейдің күйреуі мен Совет Одағының құрылар тұсындағы аласапыран заман тынысына куә бола алады. 

Түркістандағы «Мың бір хадисті» көру үшін мұсылман елдерінен келетін туристер көп
Қақпаға қызығушылар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу