Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Түркістан қаласында күн сайын оң өзгерістер орын алып жатыр десек болады. Қаладағы қызу құрылыстардан дайын болғандары ел игілігіне пайдалануға берілуде. Қала көркі күннен-күнге ашылып, жұрттың көзайымына айналып жатыр. Қала гүлге көмкеріліп жатқанын айтпай кетуге болмас. Көрікті қала туризм саласының негізі. Туристер гүл саябақтан рухани ләззат алып, жан дүниесі зор әсер алары анық.
Бүгінде Түркістандағы Есім хан алаңында қарқынды жұмыстар жүруде. Ал, болашақ кескіні қандай болары əрбіріңізді қызықтырары сөзсіз. Алдағы уақытта Есім хан алаңы бүкіл қала тұрғындары жиналатын көрікті мекен болмақ. Қазіргі таңда мұнда жұмыстар аяқталуға жақын. Мерекелік кештердің алаңы ретінде білетін халық үшін, енді бұл жердің келбеті өзгеше кейіпке енбек.
Субұрқақ, түрлі-түсті гүлдер, жасыл алаң – бұл саябақтың бірден бір ерекшелігі. ГҮЛДЕР САЯБАҒЫ – тек қала тұрғындарының ғана емес, шаһарға келуші қонақтардың да сүйікті орнына айналарына сенеміз. “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-ның еншісіндегі кезекті жобаның абаттандыру жұмыстары сəтін салса, қараша айының соңында аяқталады деп күтілуде.
Жалпы, жаңа жобаларда субұрқақтардың көптігіне кей адамдар кері пікір білдіруде. Алайда, Түркістан қаласының еліміздің ешбір жерінде жоқ жазғы ыстығын алға тартар болсақ, субұрқақтар ауаны салқындатудың кепілі екенін ескерген жөн.