Түркістан музыкалық драма театрында «Мағжан» спектаклі сахналанады

Oinet.kz 10-12-2022 507

2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады.  

Screenshot_57.jpg

Мағжан Жұмабаев – алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын, ғалым, аудармашы. Ол ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанған тұлға. Мағжан өлеңдерін  әлеуметтік мәселелерді көтеруге, халқын өнер-білімге шақыруға, махаббат тақырыбына арнады Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Жұмабаев ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғады, оны өз поэзиясының өзегі етті. Түркі халықтарының бірлігі – Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы болды. «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп жырлаған Мұхтар Жұмабаев туралы қойылымның Түркістан жерінде өтуі де бекер емес, оны тек көзбен көру керек.

Ағартушылық саласындағы  өмірі, махаббаты, ұлтқа  адал қызметі, қазақ даласын жайлаған аштық (1921-22 жылдар) «Мағжан»  спектаклінің тақырыбы. Көрермен спектакльден  жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елінің ауыр хәлі үшін шексіз азап шеккен, басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көреді.

«Мағжан» спектаклінің идея  авторы және көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, қоюшы режиссері – Davide Livermore (Италия) режиссер – Chiara Ocella, сценограф – Eleonora Peronetti, координатор – Deidda Petra композиторы – Хамит Шанғалиев, балетмейстері – Мадина Муратпекова, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова. 

Өткен жылы ғана ашылған жас театрдың  актерлер құрамы да 25 жасқа дейінгі жастардан құралған. «Мағжан» пьесасын  жазып театрға ұсынған жас драматург – Алмас Нүсіп.  Рөлдерде ойнайтын актерлердің дені жастар. Мағжан Жұмабаев өзі жырлап өткендей «Мен жастарға сенемін» идеясы Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында жалғасын табады десек артық айтқандық емес. Жастар – болашаққа бастар нақты істердің темірқазығы. Жастар қолдауы – мемлекеттің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш.

Спектакльдің ғылыми кеңесшісі – ҚР ҰҒА Академигі, тарих ғылымдарының доқторы, алаштанушы, профессор Мамбет Қойгелдиев. Рөлдерде ойнайтын әртістер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров, ҚР Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Карменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарабалин Сағызбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімхан Мырзахан, Әли Марат, Әйгерім Қайратқызы және Түркістан музыкалық драма театрының әртістері. Декорация  заманауи құрылғылармен жабдықталған, шынайы. Сахналық киімдер, реквизиттер шебер мамандардың арнайы дайындауымен жасалды. Спектакльге   қазақтың қара домбрасының үніне негізделген эксклюзивті музыка  жазылды.

Түлкібас ауданында жаңа емхана пайдалануға берілді
Түркістан өңіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу