Түркістан облыстық кітапханасында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шара өтті

Oinet.kz 07-12-2022 388

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай «Қазақтың батыр қызы» атты іс шарасы өтті.

Screenshot_50.jpg

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директор орынбасары Жанар Жақсылыққызы, ҚР білім беру ісінің құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Түркістан қаласы әжелер алқасының төреайымы Айғаным Абанқызы, Түркістан қаласының мәслихат депутаты «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ұстаз, М.Мәметова мектебінің директоры Рая Серікбайқызы ашып берді. 

М.Мәметованың көрмесі жасақталып, жәдігерлері қойылып таныстырылды.  Мәншүк Мәметованың соғыс жылдарынан бейнебаян көрсетіліп, қойылым қойылды. Мектеп оқушылары Мәншүк апамызға арнап монолог, көркем сөздер оқылып, смуглянка әніне бишілер би билеп, «Жеңіс», «Зеңбіректер» атты хор айтылды.

М.Мәметова мектебінің директоры  Рая Серікбайқызы әңгіме барысында  2009 жылы мектептің 60 жылдық мерей тойында Саматбек Тәженұлының қоладан қойып берген Мәншүк ескерткішін қойып бергенін айтса , келесі 70 жылдық мектептің мерей тойынада 20 жылдық түлектердің атынан  Мәрия Ибраевнаның демеушілігімен    «Даңқ аллеясы» ашылғанын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, атақты журналист, М. Мәметова мектебінің 1972 түлегі, алтын медаль иегері Роза Нарымбетованың редакторлығымен жарық көрген 1972 жыл түлектер демеушілігімен мектептің 90 жылдық мерей тойына шыққан «Мәңгілік ерлік»  кітап шығарғандығы туралы айтып өтті.

М.Мәметованың 100 жылдығына орай Келген зиялы қауымдар  мектеп оқушыларының  патриоттық монолог, көркемсөз оқыған оқушыларымен ұстаздарына тәнті болды.

Арнайы келген  ардагер ұстаздар  мен қонақтарымыз «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегерлері химия пәні мұғалімі Таймасова Клара, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмакүл Сансызбаева, ағылшын тілі пән мұғалімі Нағима Қалдарбекова, кәсіподақ төрағасы Жүнісов Әлайдар, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Боранкүл Әшірбекова  ізгі ниеттерін білдірді.

Іс шара соңында қортынды сөзде директордың бейімдік ісі жөніндегі оқыту бойынша орынбасары «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Айтжанова Баян Шырынбекқызы сөз сөйлеп, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат атынан  іс шарада белсене ат салысқан мектеп ұжымы мен оқушыларына бұқаралық -көрмелік іс шаралар секторының меңгерушісі Нәлтаева Пернекүл алғыс хаттарын табыстады.

Шардара ауданының инфрақұрылымы жақсарып келеді
Түркістан облысының тұрғындары ЖСН арқылы сайлау учаскесін анықтай алады!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу