«Ұлы дала елі» орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында сайыс өтті

Oinet.kz 27-11-2022 401

Облыс орталығындағы «Ұлы дала елі» орталығында қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Ұлы Дала Елі Орталығы» кубогі үшін тоғызқұмалақтан сайыс өтті. «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты аталмыш сайысқа Түркістан қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» үйірмесінің оқушылары қатысты. 

Screenshot_35.jpg

Тоғызқұмалақ – шахмат сынды ақыл-ой дамытуға арналған ежелгі ойын. Бұл ойын түрі екі адам арасында арнайы тақтада ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Бұл отаулардаң тарихтан жоғалмай бізге жеткен аттары мынадай: Арт, Тектұрмас, Ақотпес, Атсыратар, Бел, Қандықақпақ, Көкмойын, Маңдай. Әр отауға берілген аттар тегін емес. Мысалы, төртінші отау «Атсыратар» деп аталса, шын мәнінде бұл отаудан «тұздық» алсаң, қарсыласын тез атсырайтыны (тұздық туралы да, атсырау жайлы да келесі беттерде кеңіне әңгімелейтін боламыз) рас. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестер де қолданылады. Ойынның тарихы «тағдырын» зерттеген ғалымдар дәлелдегендей, тоғыз құмалақ бізге жеткенше көп өзгеріске ұшыраған. Бұл ойынды әуелде тақтаға емес, жер қазып-ақ ойнай берген секілді. Құмалақ орына нағыз қойдың құмалағын кептіріп пайдаланған. Ол кездегі тақталар бүгінгіге мүлдем ұқсамайды. Дәлірек айтсақ, тоғызқұмалақтың қазіргі тақтасы үлкен өзгеріске ұшыраған және де тек түр жағымен емес, мазмұн жағынан да көп жетілді. Қазақтың осындай ұлттық ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен мұра.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды №1 Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер мектебі жеңіп алды. ІІ орынды №18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары, ІІІ орынды №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары алды. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, тапқырлықты, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін күрделі ойын. Ойынды ұйымдаструдағы мақсат – балалардың ұлттық ойынға деген құрметін, қызығушылығын арттыру. Сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға «Ұлы Дала Елі Орталығы» кубогы мен медаль табысталып, барлық қатысушы арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістанда облыстық жас термешілер байқауы өтті
Елдікті сақтап қалған қазақ батырлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу