Облыстық кітапханашылар арасында сайыс өтті

Oinet.kz 14-11-2022 380

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәні саудың, жаны сау» атты кітапханашылар арасындағы сайыс өтті. 

Screenshot_8.jpg

Іс-шараға  Түркістан қалалық орталық ауруханасының бөлім басшысы, медицина ғылымының кандидаты, Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігері Әмірхан Сандыбаев, Қазақстан Республикасының чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының Самбо күресінің жеңімпазы Ерлан Нұрманов, Түркістан қаласының «Айзерей поликлиникасының докторы - Базарбаева Мадина, Түркістан қалалық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің медбикесі Элмира Сейітова және еліміздің атын әлемге танытып, көк байрағымызды желбіретіп жүрген біздің жас спортшыларымыз: Қазақстан Республикасының чемпионы, жауынгерлік Самбодан күміс жүлдегер Дінмұхаммед Ергешбаев, әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, әлем кубогының жеңімпазы Ұланбек Әкімбек, әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлем кубогының чемпионы  Алмат Махамбет қатысып, өзерінің ой-пікірлерін білдірді. 

Іс-шара кітапханашылардың спотқа арналған биімен басталды. Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының Самбо күресінің жеңімпазы Ерлан Нұрманов және Түркістан қалалық орталық ауруханасының бөлім басшысы, медицина ғылымының кандидаты, доктор Сандыбаев Амирхан ашып берді.А рнайы жасақталған «Менің денсаулығым – менің байлығым» атты кітап көрмесі таныстырылды. Әмірхан Сандыбаевтың денсаулық жайлы баяндамасы оқылды. Денсаулықты қалай күту керек, дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау жөнінде өзінің тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара одан әрмен Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы мен Түркістан қалалық кітапханашылар арасындағы сайысқа жалғасты. Жеребе арқылы екі жақтың кітапханашылары «Жалын», «Самға» тобы болып екіге бөлінді. Сайыс 3 кезеңнен құралды. Кітапханашылар спорттық, медицина және кітапханалық бағытта сұрақтар мен тапсырмалардан өтті. Сайыста ерекше ат салысқандар арнайы номинацияларға ие болды. Атап өтсек белсене қатысқан «Жүзден жүйрік» номинациясына ие болған Түркістан қалалық кітапханашы-Сұлтанова Тұрғанай және  өзінің тапқырлығымен, ұшқыр ойымен «Ұшқыр ойлы» номинациясына ие болған Мадина Хамидуллаева арнайы дипломдармен марапатталды. Екі топ қатысушылары І, ІІ орындарымен, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының  директоры Жанат Сәдібекқызы Шардарбекованың арнайы дипломдарымен марапатталды. 

«Қасқыр ұлыған түн» Созақта сахналанды
Түркістанда «Turan Barysy» өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу