Қайырымды түлектер бүтін бір отбасы,ға қуаныш сыйлады

Oinet.kz 25-05-2021 579

Әрбір адамға туған жер ыстық. Туған жерінің нанын жеп, суын ішкен әрбір адам туған жерінің дамуына титтей де болса үлес қосқаны абзал. Жол салып, су жүргізбесе де, туған жеріндегі мұқтаж отбасыға қол ұшын созса алғысқа бөленері сөзсіз. 

Screenshot_8.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында туған жерге ерекше тоқталып өтті. "Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек" - деп жазған еді.

Елбасы мақаласында айтылған ойлар Созақ ауданында көрініс тапты. Созақ ауылының «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері қайырымдылық жасап жалғызбасты анаға тұрғын үй салып берді. Төрт бөлмелі үйде ауыз су, жарық және жылу жүйесі орнатылған. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Ауласы да әрленген. 

Жаңа баспанаға ие болған жалғызбасты ана Саламат Ералиева қуанышымен бөлісіп, жерлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, мектепті 2001 жылы бітірген түлектер ауылда футболдан жарыс ұйымдастырды. Өмірден ерте қайтқан сыныптастарының рухтарына Құран бағыштады. Іс-шараның баршасы да карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген.

Жалпы созақтық мектеп бітіруші түлектер 20 жылдық мерекелеріне орай демеушілік жасап, туған жердің түлеуіне өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, былтырғы жылы салынған бір үй көпбалалы жалғызбасты анаға берілген. Түлектердің қолға алуымен биыл Созақ ауылында үш үй бой көтеруде. Сонымен қатар, бұған дейін ауылдың кіре-берісіне киіз үй мен ауыл орталығына бәйтеректің мүсіні орнатылған болатын. 

Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға жақсылық жасады
Шардарада құнды жәдігерлер музейге табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу