Сайрам ауданының білім бөлімі

Oinet.kz 25-09-2024 772

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының "Сайрам ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2024 жылдың шілде айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №70951992 «Оқыту (үйрету/тренингтер/дайындау/қайта дайындау/біліктілігін жоғарылату) бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Screenshot_11.jpg

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының білім басқармасының "Сайрам ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.   

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының білім басқармасының "Сайрам ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған. 

А.Панай,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы 

Түркістан облысының білім басқармасының «№1 колледжі»
Бөржар ауыл округі әкімі аппараты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу