Журналисттің өлімі. «Серік Голова» қылмысын 14 жылдан кейін мойындады

Oinet.kz 04-03-2022 1868

Қылмыстық ортада «Серік Голова» лақап атымен танымал қылмыс серкесі Серік Жаманаев  абақтыда 2007 жылы журналист Оралғайша Омаршанованы өлтіргенін мойындады. 

Screenshot_9.png

Время басылымның хабарлауынша, Серік Голова Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген жедел іс-шаралар кезінде кінәсін мойындаған. Оны қарақшының жұбайы мен адовкаты бұл қадамға итермелеген.

2007 жылы 30 наурызда Алматыда «Заң және әділеттілік» газетінің журналисі  Оралғайша Омаршанова із-түссіз жоғалып кеткен. Журналист сол кездері Жезқазғандық бандиттік топтарды зерттеумен айналысып жүрген. Соңғы рет ол белгісіз қара көлікке мінгенін көрген.

14 жылдан кейін кінәсін мойындаған Жаманаев Омаршанованың денесін қайда жерлегенін көрсетіп берген. Сондай-ақ, ол тағы бір бәсекелесін жолдан алып тастағанын айтқан.

Тергеу изоляторында отырған кезде Серік Головаға соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылып, артынша ол дін жолына түскен. Басылымның мәліметінше, осылайша, ол күнәларынан арылып, тәубеге келуді ниет етсе керек.

Еске салсақ, 2021 жылы 18 қаңтарда Алматы соты оны Башка атты ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін 19 жылға сотталған.

Көлігіне Z белгісін жазған жүргізуші табылды
Әйел - освежитель: Әйелін адамға санамайтын қоғам қалай дамиды екен, ә?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу