«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары ұсталды

Oinet.kz 01-03-2022 916

Screenshot_13.png

OINET.KZ - Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінде лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеті әшкереленді. 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Телеграм каналында жарияланды. Кеден бекетіндегі қылмыстық әрекетті Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесе анықтады. Жедел жүргізілген айла-шара желісі бойынша қадағалау органының қызметкері «мәселелерді оң шешкені» үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара берген. Пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделіп, нәтижесінде «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды. 

Сонымен қатар, тексерушілерге ірі көлемдегі тауар контрабандасын жасырғаны үшін 30 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара берген уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі де ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Сол себепті, өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы қаңтардан бастап кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізілетіні белгілі. Тексерулерге Бас прокуратура қызметкерлері жетекшілік етеді.


Қаңтар оқиғасы: тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған алты адам тергеу изоляторында көз жұмды
Көлігіне Z белгісін жазған жүргізуші табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу