Қаңтар оқиғасы: тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған алты адам тергеу изоляторында көз жұмды

Oinet.kz 23-02-2022 1178

Screenshot_16.png

Қаңтар айының басында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған алты адам заңсыз азаптаулар кесірінен уақытша ұстау изоляторында көз жұмған.

Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында хабарлады деп жазадs Stan.kz

"Жақында ғана біз тергеуде рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы бірдей берілмеді. Тек ауыр жағдайлар бойынша, дәлірек айтқанда, ұсталғандардың өлімі тіркелген оқиғалар ғана берілді", – деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам, Талдықорғанда бір адам қаза тапқан.

"Сондай-ақ, біз әлі де тергеу изоляторында отырған Талдықорған қаласының тағы бір тұрғынына қатысты істі алдық. Үтікпен күйдіріп, азапталған азаматқа қатысты іс резонансты жағдай туғызған болатын", - деп қосты ол. 

Болған жағдайлар бойынша әлі де тергеу жалғасуда.


Қазақстандықтардың 21,8%-ы банктік шарттарды оқымай қол қояды
«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу