Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынуда
Түркістан облысы әкімнің карантин тәртібін тұрғындарға түсіндіру және оның сақталуын қатаң қадағалау туралы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша Кентау қаласында күнделікті рейд жұмыстары жүруде. Карантин талаптарын сақтамағандарға хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынып жатыр.
Кезекті рейдке қала әкімінің орынбасары Бекайдар Әлімбетов және қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, кәсіпкерлік бөлімі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Мобильді топ карантин талаптарына сақтамай жұмыс жасап жатқан бірнеше дүкендер мен кафелерді анықтап, кәсіпкерлік нысандарының сатушылары мен иелеріне хаттамалар толтырылды. Елімізде карантиннің екі аптаға созылған айтқан мамандар, тұрғындарға талаптарды толығымен сақтауды ескертті.
Бүгінге дейін Кентау қаласында жалпы 800-ден астам нысан тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 64 жайт тіркелген, оның ішінде карантин талаптарын сақтамаған 19 азаматқа хаттама толтырылды. Олардың арасында жасырынып той істегендер мен туған күн тойлағандар, шектелген уақытта жұмыс істеген дүкендер бар.