Есірткімен ұсталып қамауға алынды

Oinet.kz 05-08-2020 644

87.jpg

Түркістан облысы әкімінің есірткі бизнесін болдырмау және есірткұмарлықтың алдын алу бойынша тапсырмасын орындау барысында Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтаған тұрғынды қолға түсірді. 

Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде ауладан өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакеттерін тапты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, айғақты зат ретінде алынған есірткі заты жалпы салмағы 13,5 келіден асатын «кептірілген көкнәр» болып шықты.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз қолдану» бойынша Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеуінің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның аса ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген Түркістан облысы Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Телефон ұрлап істі болды
Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу