Танысының көлігін қиратқан бұзақылығы үшін жауапқа тартылды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құқықбұзушылықтарды болдырмау, қылмысты азайту және алдын алу туралы тапсырмасын орындау мақсатында профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қолға алған Созақ ауданында полицейлері танысының көлігіне зақым келтірген тұрғынды ұстады.
Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Әйел өз арызында түскі сағат 13:00 шамасында үйіне бірнеше таныстары келіп, жанжал шығарып, оның арасындағы біреуі күйеуінің көлігін қасақана зақымдағанын хабарлады. Аталған жайт Созақ АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ауданның тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, АПБ-не жеткізді. Тергеу барысында күдікке ілінген әйел, жәбірленушілермен алдын болған кикілжіңді шешу мақсатында келгендерін, сол сәтте ашу үстінде көліктің терезелерін сындырғанын мойындады. Күдікті әйелдің теріс әрекеті салдарынан жәбірленушіге келтірілген нақты шығынды анықтау мақсатында тиісті зерттеулер тағайындалды. Күдіктінің бас шарасы "міндеттеме". Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға қоғамдық орындарда ірілі-ұсақты бұзақылықтар, тәртіпсіздіктер жасамай дұрыс жүріп-тұрыңыздар деп ескертеді. Әсіресе өзгенің мүлкіне тиіспеуді және әр нәрсенің өтеуі барын ұмытпаңыз.