Түркістан: Әкімдер Өзбекстанмен тәжірибе алмасуда

Oinet.kz 25-07-2023 430

35.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Осы мақсатта, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. 

Берілген тапсырма аясында Келес, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Жетісай аудандарының әкімдері көрші Өзбекстан Республикасына іссапармен барып, ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сондай-ақ делегация құрамында облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов және өңір кәсіпкерлері де бар.

Сапар аясында екі ел арасында тәжірибе алмасып, зауыттар, фабрикалар ашу және инвестиция тарту мақсатында кездесулер өтіп жатыр. Осы ретте, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев көрші елге жасаған сапардың мақсаты жайлы айтты. 

«Іссапар барысында Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында 190 гектар аумақта орналасқан «Пег Ченг» компаниясының зауыттарымен және мақта алаңымен таныстық. Одан бөлек, тері илейтін зауыт пен әйелдерге арналған аяқ киім зауытының жұмысын көріп келдік. Кездесу кезінде кәсіпорын иелерімен тәжірибе алмасып, іскерлік қарым-қатынас жасауға уағдаластық. Сонымен қатар, мәрмәр тастан әр түрлі бұйымдар жасайтын зауыт пен сантехника бұйымдарын жасайтын кәсіпорындардың да жұмысын қарап шықтық. Көрші елдің кәсіпкерлерінен үйренеріміз көп. Алдағы уақытта осы секілді кәсіпорындарды ауданымыздан ашуға күш саламыз», - деді Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы. 

Өңірден шыққан делегация 300-ден астам кәсіпорындарды аралауды жоспарланған. Ендігі кезекте облыстағы кәсіпкерлер көрші елдің әлеуетін, тәжірибесін негізге ала отырып, өңіріміздегі кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуді мақсат етіп отыр.


«Әже-ұлттың ұйытқысы»
Қысқа дайындық 1 қыркүйекте аяқталуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу