Созақта «Таза ауыл» шарасы өтті

Oinet.kz 16-04-2023 219

48.jpg

Түркістан облысы  Созақ ауданы әкімінің тапсырмасымен бастау алған «Таза ауыл» экоакциясы аясында аудан көлемінде кезекті ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме мамандары, барлық ауыл, кент округтері санитарлық-экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстарына белсене қатысты. 

Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы Шолаққорған ауылының ішкі көшелерін, «Біресек» каналы мен темір жол бойын аралап, бөлім, мекеме қызметкерлерінің сенбілік аясында атқарған жұмыстарының басында болды. Онда аудан орталығын көркейтіп, абаттандыру мақсатында атқарылу керек жұмыстарды пысықтап, көркейту жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында жауаптыларға қосымша тапсырмалар жүктеді. 

Сонымен қатар, Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына барып, биыл отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйін бақылады. 

Айта кетейік, бүгінгі ұйымдастырылған сенбілікке 1855 адам, 13 арнайы техника жұмылдырылды. 44 шақырым көше бойлары мен 14 шақырым аяқжолдары ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 20 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында жинақталған 155 тоннаға жуық қоқыс тасымалданды. 

Сондай-ақ көше бойындағы талдардың түптері әктеліп, «Жасыл белдеу» аумағына 1000-ға жуық қара тал көшеттері отырғызылды.


Түркістанда халықаралық IT университеті ашылады
Биыл Қарақұмға газ беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу