Кәсіпкерлікті қолдауға қайтарымсыз грант беріледі

Oinet.kz 17-04-2023 131

43.jpg

Жыл басынан бері Түркістан қаласында жұмыспен қамту шараларымен 1933 тұрғын қамтылды. Оның ішінде қоғамдық жұмыс орындарына - 214, әлеуметтік жұмыс орындарына - 26, жастар практикасы бойынша - 83 азамат жұмысқа жолданды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант 5 тұрғынға тағайындалды.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бағдарламаға жүгінген жастар санатындағы 626 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың қатарына енді. Сонымен қатар, биыл 3856 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен қамту міндеттеліп, 3 ай ағымында 797 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданған.

Кешенді жоспарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі 200 азаматқа ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың әлеуметтік қолдау шараларын көрсету міндеттеліп, 10 азаматты квота есебінен жұмыспен қамту көзделген. Есепті айда мүмкіндігі шектеулі 93 азамат белсенді шараларға тартылып, оның ішінде 1 азамат квота есебінен жұмыспен қамтылды.

Айта кетсек, биыл 4554 отбасына немесе 24638 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, жылдың 3 айында 2401 отбасына немесе 13618 адамға әлеуметтік көмек қаражаты тағайындалды. 


Жанармай бағасы облыс әкімінің бақылауында тұр
«Өнерлі өлке»: Төлебиліктер ерекше көңіл-күй сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу