Төлебиде туризмді дамытуға үш миллиард инвестиция тартылды
Түркістан облысы Төлеби ауданының – бірлігі мен ынтымағы жарасқан, қоғамдық саяси жағдайы тұрақты, табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Сондықтан болар, ауданның инвестициялық тартымдылығы жоғары. Аудандағы саяси жүйенің тұрақтылығы, инвестициялық климаттың мықтылығы, географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы инвесторларды қызықтырып отыр.
Сонымен бірге бүгінгі таңда туризм саласы уақыт талабына сай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландырылуда. Бұл өңір туризімінің дамыуына және жарнамасына зор әсерін тигізуде.
Бүгінде қоғам шексіз цифрландыру мүмкіндіктер кезеңінде өмір сүріп жатыр. Бұрнағы жылдары мүмкін еместей көрінген дүниелерге қазір етіміз үйренгені соншалық, оған тіпті таңғалмайтын болдық. Ойлап қарасақ, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана хабар алудың негізгі құралы ретінде пошталарды пайдаланған болсақ, ал қазір түрлі функциялармен жабдықталған смартфондарды қолдануды үйрендік. Көптеген технологиялық дамудың нәтижелеріне қол жеткізудеміз. Сол секілді, бүгінгі заманауи игіліктердің бәрін бірінен соң бірін тізе берсеңіз тізгінді тарта алмай қалуыңыз мүмкін.
Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттердің күн тәртібіндегі мәселе – жаппай цифрландыру болып тұр. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да аз емес. Бірнеше жылдан бері біздің ел де «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыра бастады. Аталмыш бағдарлама аясында Үкімет бес бағыт бойынша міндеттерді алға қойды. Оның екінші бағыты аясындағы цифрлық технологиялар ел тұрғындары мен шетелдік туристерге үлкен мүмкіндіктер бермек. Мәселен, өңірімізде алдыңғы жыл тарихи нысандарды цифрландыру жаппай қолға алынды. Нәтижесінде, облыс орталығы мен аудандарда орналасқан тарихи ескерткіштерге QR-кодтар орнатылды. Тұрғындар бұрын қандай да бір тарихи нысанға барғанда арнайы гидтердің көмегіне жүгінген болса, қазір бұл бағыттағы жұмыстар барынша оңтайландырылған. Тек, өз смартфоныңызға «App Store» немесе «Play Market» қосымшасы арқылы мобильдік қосымшасын жүктеп алсаңыз болғаны.
Содан кейін ондағы «QR» белгісін басып, смартфон камерасын ескерткіштің «QR-код» нысанына бағыттап, сканерлеу керек. Міне, осыдан соң мобильдік қосымшадағы қазақы шапан киген ақсақал бейнесіндегі аудиогид сізге ғаламторсыз-ақ ескерткіш туралы барлық мәліметті рет-ретімен айтып беретін болады. Сонымен бірге, қосымшаның WEB нұсқасы арқылы өзіңіз барған тарихи аймақты 360 градустық форматты көруге мүмкіндігіңіз бар.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы тартылған инвестиция көлемі мен ашылған жұмыс орнына қарай бағаланатынын айтты. Қазіргі таңда Төлеби ауданы аумағындағы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 14 миллиард 624 миллион теңгені құрады. Оның ішінде: меншікті қаражат инвестиция көлемі 8 миллиард 750 миллион теңгеге жетіп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 миллиард 128 миллион теңгеге артып отыр.
Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы қаржыландыру нәтижесінде жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова Диқанкөл елді мекенінде құны 57 миллион теңгені құрайтын «Диқан Тау» саумалмен сауықтыру орталығын іске қосты. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдауға қауқарлы.
Көксәйек ауылдық округінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі ктаңда балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылған. Кәсіпкер 4 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Балық шаруашылығында үш көл бар, онда карп пен форель балықтары өсірілуде.
Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Алма-тау» тау курортында қосымша қонақ үй және спорт кешенінің құрылысы жүруде. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында аяқталып, пайдалауға беру жоспарлануда. Жобаның құны 2 миллиард 650 миллион теңгені құрайды.
Сондай-ақ, тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында биыл инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда жол салу, электр желілері тартылуда.
Жалпы ауданда туризм саласы дамыту үшін жыл соңына дейін 3 миллиард 757 миллион теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ауданымыздың негізгі даму бағытының бірі туризм саласы болса, бұл бағытта бүгінгі таңда 76 нысан жұмыс істеуде. Оның біреуі шаңғы базасы, төртеуі емдік-сауықтыру орталығы, 71-і демалыс аймағы, 64-і саяжай. 2022 жылдың 10 айында 32172 демалушы келіп, 586 миллион теңгенің қызметі көрсетілген. Бір атап өтерлігі бұл туристік орталық пен тарихи ескерткіштер орналасқан туристік нысандар цифрландырылған.
Қорыта айтқанда, тарихи-мәдени нысандарға бай Төлеби өңірінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі жүзеге асып жатыр деуге негіз бар. Өйткені, облысымызға келген кез келген турист үшін барлық мәлімет мобильдік қосымша арқылы қолжетімді болып тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өзге де туристік орталықтар мен тарихи нысандар толықтай цифрландырылатынына сеніміміз мол.