Сайлауда әр азаматтың дауысы ел ертеңі үшін маңызды
Ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар - еліміздің дамуын көздейтін жаңа бастамалар. Халық саяси жүйенің өзгеретініне, билік тармақтары арасындағы тиімді тепе-теңдікке сенім артуда. Сенім-сеңгір тауды да қозғайды.
20 қарашада өтетін Президент сайлауы қоғамның жаңаруы мен жаңғыруының көрінісі болмақ. Сайлау елімізге тұрақтылық, конституциялық реформаларды іске асырып, саяси жаңғыруды әкеледі. Бұл - еліміздегі маңызды өзгеріс.
Кезектен тыс сайлау әр жанұяға,әр азаматқа, келешекке нық қадам жасауға бағыт-бағдар береді. Сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық борышымызды өтегеніміз абзал. Мен сайлауға қатысамын және сіздерді де белсене қатысуға шақырамын.
Сіздің дауысыңыз – ел ертеңі үшін маңызды.
Айдос АБПАЗОВ,
Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің директоры