4749 азамат нәтижелі жұмыспен қамтылды

Oinet.kz 23-07-2021 655

Сайрам ауданында оң өзгеріс көп. Жыл басынан көптеген жобалар жүзеге асырылып, халық игілігін көрді. Әсіресе жұмыссыз жүрген аудан тұрғындары жұмыспен қамтылып, отбасыларын қуанышқа бөледі. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде белгілі болды. 

Screenshot_9.jpg

Брифинг барысында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жетістіктерге тоқталып өтті. 

- Әлемдік пандемияның белең алуына қарамастан, аудан тұрғындарын әлеуметтік әлеуетін арттыру жолында еңбек нарығындағы тепе теңдікті сақтау назарға алынып, нәтижелі жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітілді. 

Жарты жылдықта қол жеткізген жетістіктерде аз емес. Атап айтсақ, бағдарламаның белсенді шараларына жүгінген ауданымыздың 4749 тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1108 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса,187 азамат уақытша сипатта ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Сондай-ақ  309  жас түлек бастапқы кәсіби тажірибе алмасу үшін жастар практикасымен қамтылса, 1062 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен қамтылды.

Айта кетсек 310 азамат бастау бизнес жобасы аясында кәсіпкерлік оқу курстарын аяқтады. Бұл бағыттағы қолдау шаралары алдағы уақытта жалғасын таба бермек, - деді аудан басшысы. 

Аудандағы 42 елді мекен 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,6 млн теңге бөлініп, су ұңғымасы қазылған, жыл соңында жұмыстар аяқталады. 

2024 жылға барлық елді мекендер 100% табиғи газбен қамтылады деп нақты жоспарланған.

103 жастағы қарт ана сайлауда өз таңдауын жасады
Сайрамдық отбасыға демеушілер үй салып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу