Тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды
Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 2 тұрғын өздерінің өтініштеріне сәйкес дәстүрлі форматта, 3 тұрғын онлайн форматта қатысты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғындар тарапынан тұрғын-үй, білім, құрылыс, әлеуметтік, жол, ауыз су, комуналдық қызметтерге қатысты және көлік қозғалысын реттеуге арналған жол белгілерін орнату сынды өтініштері айтылды. Әр өтінішке аудан басшысы заң аясында жауап беріп, орындалуын өз бақылауына алынатының жеткізді. Тиісті сала басшысына әлеуметтік осал топтағы тұрғынға бір жолғы әлеуметтік көмекті беру мәселесін зерделеуді жүктеп, жеке қабылдаудан кейін ауыл әкімі мен тиісі сала мамандарына Қарағашты елді мекеніндегі көтерілген жол мәселесін тез арада зерделеп, құжаттарын дайындауды тапсырды.
Айта кетері былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет, -деген болатын.