Түркістан-Ташкент магистралы салынады

Oinet.kz 03-06-2021 1116

1.jpg 

 «Біз өз транзиттік әлеуетімізді дамытуға тиіспіз. Бүгінде бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. 2050 жылға қарай – бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында осындай міндет жүктеген болатын. 

Түркістан облысында алдағы 5 жылда 2,3 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласын айналма жолы, Түркістанның Шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыста жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шақырымнан асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.


Тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды
Сексеуіл – құмды-шөлдің қорғаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу