Шардарада «Дарын» дамыту орталығы ашылды
Түркістан облысында жас шәкірттердің бойындағы қарым-қабілетін ұшайтын орталықтар көбейіп келеді. Солардың бірі жуырда Шардара қаласынан «Дарын» дамыту орталығы ашылды. Мемлекеттік жол картасы 2020 бағдарламасы аясында іске асырылған дамыту орталығында 6-12 жас аралығындағы балаларға білім алады. Орталықтың иесі Ақмарал Жақсылықова кәсіп бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз 3 миллион 500 мың теңгелік грант жеңіп алған. Қазіргі кезде балалардың 90 пайызы есте сақтау қабілетінің төмендігінен берілген ақпараттарды түгел қабылдай алмайды және өте баяу оқиды. Осы тұрғыда «Дарын» дамыту орталығы балалардың мәселесін шешуге атсалысатын болады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, бұл орталықтың негізгі мақсаты – жылдам оқыту, есте сақтау қабілетін жақсарту, буындап оқуды меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру және барлық пәнді еркін меңгеруді үйрету.
Айта кетсек, орталықтың негізін қалаушысы Түркия мемлекеті, Измир қаласындағы Эге университетінен білім алған. Жылдар бойы жиған білімі мен ізденістің арқасында «Жадыны дамытуға» арналған авторлық кітабы жарық көрді. Сол оқулық бойынша балаларға білім беретін болады.