Балық шаруашылығына ден қойған шәкірттер көбеюде

Oinet.kz 27-05-2021 868

1.jpg

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген»- дейді дана Абай атамыз «Жетінші қара сөзінде».

Сол айтқандай, «Шардара Балық мектебіне» жаңа білім мен қабілет үйреніп, тәннің ғана емес жанның рахаты мен тыныштығы үшін оқығысы келетін шәкірттер саны артуда, арта да берсін!

«Шардара Балық мектебін» бітірген 2 лектің шәкірттері мен жалпы осы мектепте кәсіптің қыр-сырын, ұңғыл-шұңғылын үйренген 9 лектің шәкірттері түлек атанып, ел мен жерге қызмет жасауға дайын!

-Балық шаруашылығымен айналысамын деген талапкерлерді 3 лекке оқуға шақырамыз!,-делінген Шардара ауданы әкімдігінің таратқан мәліметінде. 


Ауыз су мәселесі шешімін табады
Шардарада «Дарын» дамыту орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу