Ауыз су мәселесі шешімін табады
Сайрам ауданында ауыз су саласындағы проблемаларды шешу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты жуырда аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Манкет ауылы тұрғындарымен кездесті.
Негізі басты проблема ұңғыманың су дебетінің төмендеуі ғана емес және де абонент саны көбейуіне байланысты екен қуантарлық жағдай.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан қосымша су ұңғысын қазу үшін мердігер мекеме анықталып, су ұңғысын қазатын орыны белгіленді. 120 метр тереңдікте су ұңғысын қазу жұмыстары басталып та кетті.
Сайрам ауданы әкімдігінің хабарлауынша, сондай-ақ, М. Оразалиев аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін "Сайрам тазалық" ЖШС мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудан тұрғындарына ауыз суды үздіксіз беру мәселесімен, серіктестіктің аудан тұтынушыларынан алатын дебиторлық қарызымен кредиторлық берешектерімен және ұйымның материалдық-техникалық базасымен танысып, ұйым қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тындап, туындаған сұрақтарға заң аясында толық жауап берді. Жиналыстың нәтижесінде, аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев серіктестіктің тарапынан тұтынушыларды сапалы және тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттігін айтып, мекеме қызметкерлеріне атқарылып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді.