Сайрам өлкесі –дарынды тұлғалардың мекені
«Мәдениет– ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», - деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді. Сайрам ауданы түркі жұртына белгілі көне шаһар ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, Сайрам өлкесі – қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені. Қазіргі таңда ауданымызда 167 мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады,-делінген Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтың 21-мамыр -Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арнаған құттықтауында.
Осы орайда, атаулы мерекеге іс- шара ұйымдастырылып Сайрам ауданы әкімінің орынбасары А.Өсербаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Тынымбаева, Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Д. Алашбаев және ұжымның кәсіподақ төрайымы Б.Шамаханова сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.