«Ауыл ел – тірегі» аясындағы игі істер

Oinet.kz 22-05-2021 842

3.png

Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібековтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл ел – тірегі» жобасы аясында Қарамұрт ауылдық округі Низамабад елді мекеніндегі Ұста Қыдыр, Жаңақұрылыс көшесі тұрғындары өз есебінен 1 шақырым жердегі жолға тас төсеп, жолды кеңейтіру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы аталған шара аясында ауылда атқарылып жатқан игі істер аз емес. Қарамұрт ауылдық округіндегі аз қамтылған көпбалалы отбасылар яғни, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 284 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда: 1-3 жасқа дейінгі 38 балаға 114 қорапта азық-түлік жиынтығы, 3-6 жасқа дейінгі 33 балаға 99 қорапта азық-түлік жиынтығы және 1-6 жасқа дейінгі 71 балаға 71 қорапта гигиеналық құралдары берілді. Қарасу ауылы, Жібек жолы көше бойларына нақыл сөздер жазылған белгілер орнатылды. Аталған ауылдық округте  орталық көше бойларына баннерлер ілінді. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің қызметкерлері Қарамұрт ауыл округінде 10 азаматтың үйіне барып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, тиісті мекемелерге құжаттарын ресімдеу туралы кеңестерін берді. 


Дала өрттерінің алдын алуға дайындық пысықталды
Сайрам өлкесі –дарынды тұлғалардың мекені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу