Дала өрттерінің алдын алуға дайындық пысықталды

Oinet.kz 22-05-2021 706

2.jpg

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шухрат Азаттулаұлының төрағалығымен, Сайрам ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиын барысында аудан азаматтарының жазғы шомылу маусымында су нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, аудан аумағындағы орман, тоғай, дала алқаптарын өрттен қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман, тоғай, дала өрттерінің алдын алуға дайындық шараларын қаржыландыру, Сайрам ауданы аумағында ауыл округтерінде өрт сөндіру бекеттерін және өртке қарсы еріктілер топтарын құру туралы, газосигнализатор дабыл беру қондырғысын орнату бойынша мәселелер қаралды.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев кәсіпкерлік бөлімі, ауылдық округ әкімдеріне, суға шомылу маусымында демалыс орындары мен аса қауіпті жерлерге және суға шомылуға болмайтын тыйым салынған орындарға тыйым салу және ескерту белгілерін қоюмен суға шомылуға тыйым салынған учаскелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойыншы тапсырмалар берді. 


Абаттандыру жобалары халықтың да көңілінен шығуы керек
«Ауыл ел – тірегі» аясындағы игі істер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу