Абаттандыру жобалары халықтың да көңілінен шығуы керек

Oinet.kz 22-05-2021 819

1.jpg

Сайрам ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің аудан аумағын абаттандыруға арналған эскиздік жобаларды талқылау және заңсыз құрылыстарды жою жөніндегі мәжілісі өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, Түркістан облысы сәулет-

құрылыс бақылау басқармасының инспекторы Қ.Рсалиев «Арх Студиа» жауапкершілік шектеулі серіктестіктің директоры Ғ.Нарбеков, «АЖК ТРЭЙД» ЖШС-нің директоры А.Джарикбасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков, сәулетшілер Н.Сейтов, А.Кумеков және  ауыл округі әкімдіктері қатысты. 

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің ауылдық округтерінің орталықтарын абаттандыру мақсатындағы, орталық көшелердің келбетін талапқа сай ету үшін жасалған эскиздік жобаларды аудан әкімі сынға алды.

" Жоба жасау кезінде аспандағы дүниені алудың қажеті жоқ. Біздің мәжілістің өзі формально өтпеуі тиіс. Мына жерде отырып жәй келіп тамаша, тамаша деп бекітіп кетпеуіміз керек. Тиісті мамандармен жұмыс жасап, ұсыныстарын қараңдар. Абаттандыру жобалары халықтың да көңілінен шығуы керек.  Ұзаққа созудың қажеті жоқ сіздерге бір апта уақыт кейін ұсыныстарыңызды қайта қараймыз,- деді Ұласбек Сәдібекұлы.


«Farab»-та өте сирек кезедесетін кітаптар сақталады
Дала өрттерінің алдын алуға дайындық пысықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу