«Farab»-та өте сирек кезедесетін кітаптар сақталады

Oinet.kz 15-04-2021 881

25.jpg

Түркістан қаласында ашылған «Farab» кітапханасында ескі құжаттар мен кітаптарды қайта қалпына келтіруге арналған Орталық Азиядағы жалғыз цех ашылған. 3D моделін жасауға арналған проекциялық бөлме, каллиграфия және өнер студиясы, қыш құмыра жасауға арналған шеберхана бар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жуырда кітапхананы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шетелдік ірі ғалымдар мен археологтармен бірге аралады. Айта кетері, орталықта кітапқұмар қауым бір-бірімен кездесіп, бас қоса алады. Жаңа туындылардың тұсауын кесуге арналған үлкен зал жабдықталған. Кітапханада ғылыми-зерттеу орталығы, яғни негізгі кітап сақтау қоймасы орналасқан. Бұл жерде өте сирек кездесетін кітаптар мен монускриптілер сақтаулы. Шетелдік ғалымдарды кітап қоры таң қалдырды. Олардың назарына көне кітаптар, қолжазбалар мен құжаттардың мұрағаты ұсынылады.

Түркістан шаһарына арнайы келген шетелдік ірі ғалымдар мен археологтар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстелге қатысты. Онда тарих ғылымдарының докторы, Әлкей Марғұлан атындағы археология институттың бас директоры Бауыржан Байтанаев тарихқа өзгеріс әкелетін тың жаңалығымен бөлісті. Түркістанның жасын есептеген кезде кеңес дәуірінің деректері қолданылғанын және бұл ақпараттың қазір маңызы жоқ екенін мәлімдеді.

«Түркістан аумағындағы археологиялық кешендерді зерттей отырып, біз екі ежелгі қорымдарды ашамыз. Мұнда табылған жерлемелер мен атрибуттар біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға жататыны сөзсіз. Бұл жәдігерлер мұнда өмір сүрген тайпалар мәйіттерді осында жерлегенін және осы қаланың аумағында өмір сүргенін көрсетеді», - деді ол.


Түркістанда түркі халықтарының театр фестивалі өтеді
Абаттандыру жобалары халықтың да көңілінен шығуы керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу