Түркістан абсолютті көшбасшы
Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкі¬мет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр. Былтыр халыққа арнаған Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген болатын. Инвестиция тарту бүгінде жэергілікті әкімдердің жұқмысының басты көрсеткішіне айналды. Өйткені инвестиция жаңа жоба ғана емес, қосымша табыс көзі, жаңа жұмыс орны.
-Бүгін Түркістан облысы инвесторлары Өңірлік кеңесінің отырысын өткіздік. Оған Италияның Қазақстандағы Елшісі Паскуале Д'Авино және еліміздегі алпауыт компаниялар ішінен 25 ірі инвестор қатысты.
Онлайн өткен кездесуде бизнес-жобалар мен инвестициялық ахуалды жақсарту жайын талқыладық. Инвестиция тартуда басымдықты, ең алдымен, туризм, энергетика, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға беретін боламыз.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде еліміздің ҮЗДІК өңірі деп танылса, инвестициялардың және құрылыстың өсу қарқыны көрсеткіштері бойынша АБСОЛЮТТІ КӨШБАСШЫ болды,-деп жазды Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жуырда өзінің фейсбуктегі қоғамдық қабылдауында.
Әкімнің мәлімдеуінше, облыста 91 жоба жүзеге асып, шамамен 6 мыңдай жұмыс орны құрылды. Алдағы төрт жылда тағы да 93 жобаны іске асырып, 21 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарда бар.
Облыс басшысы барлық инвесторларға өңірді дамыту жолында қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.