Жеке бизнесін бастауға грант беріледі

Oinet.kz 12-03-2021 743


013.jpg

Халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуға баса назар аударуды, жұмыспен қамту елдегі кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткішіне айналуы қажеттігін айтқан болатын. Осы мақсатта Түркістан облысында шағыр және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 

 Былтыр Жетісай ауданы бойынша жеке ісін ашу үшін берілетін  мемлекеттік грант алғандардың саны – 1418 адамға жеткен. Осы азаматтарға мемлекет қазынасынан 786,573 млн. теңге төленіп, тиісінше олар өздерінің жеке кәсіптерін бастаған. Аудан бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың ішінде 19-29 жас аралығындағы жастар – 409 болса, аз қамтылған отбасы мүшелері – 663, Көп балалы отбасылар саны - 327, жұмысқа жарамды мүгедектік тобы бар адамдар саны – 18 азаматтарды құраған.

Сондай талапкерлердің бірі, 2 жылдан бері өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, кондитерлік өнімдерін пісіріп сатумен айналысатын «Нәзік Бекери» сауда орталығының басшысы Қарлығаш Шұлғауова бүгінде 15 дамды тұрақты түрде жұмыс пен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда кәдімгі бәліштен бастап, мерекелік дастарханға қажетті тәттілердің кез-келген түріне тапсырыс беруіңізге болады.

Ауданда  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы жалпы 8666 адамды қамту жоспарланған. 12 айда бұл көрсеткіш 10530 адамға жетіп жылдық жоспар 121,5% болып артығымен орындалды.



Түркістан абсолютті көшбасшы
«Тұран» «Түркістан аренада» жаттығуын бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу