«Керуен сарай» жеке инвестиция есебінен салынуда

Oinet.kz 12-03-2021


011.jpg

Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр және мәдени демалыс орындары қызмет көрсетуде. Қазақстандағы туризм саласындағы кадрлардың қажеттілігін және қалада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ескере отырып, Түркістанда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылды.

«Облысымыз тарихи және мәдени нысандарға бай өлке. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы іске асырылуда»,- деді жуырда Түркістанның туристік әлеуетіне тоқталған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. 

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының тарихи орталығында жергілікті халықпен туристерге облыстың туристік нысандары, оның ішінде тарихи-мәдени, емдік-сауықтыру, табиғи орындары бойынша «Бір терезе» қағидасымен ақпарат ұсынатын «Қабылдау Орталығы» ашылды. Орталықта, туристер тек қана ақпарат алып қана қоймай, өңірдің тарихымен, қаладағы орналастыру, тамақтану орындары бойынша ақпараттар ала алады. 

Қазіргі уақытта Түркістан қаласының тарихи орталығының аумағында жеке инвестициялар есебінен республикада теңдесі жоқ көпфункционалды «Керуен Сарай» туристік кешенінің құрылысы жүргізілуде. Инвестиция көлемі – 88 млрд.теңге. Шығыс үлгісінде салынған бірегей кешенде қолөнершілері бар жабық базарлар, шығыс базары, сауда орталықтары, гандола қайықтарының жүзуіне арналған су арналары, ойын-сауық орталығы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер жұмыс істейтін болады. Жоба өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, 600 жаңа жұмыс орындары ашылады.




Мақсат-Түркістанның туристік әлеуетін көтеру
Түркістан абсолютті көшбасшы


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×