Мақсат-Түркістанның туристік әлеуетін көтеру

Oinet.kz 12-03-2021 685

010.jpg


Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.

- «Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Түркістан қаласын дамыту бағытында 2019 жылы 23 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңға әкімшілік-іскерлік орталығында 14 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталды», - деді жуырда осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөліскен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. 

Облыс әкімі биыл туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін артатынын айтты. Осы жылы «Керуен Сарай» туристік кешені ашылып, «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасын іске асырылады. Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржол жобасы жүзеге асады. 

«Туризмді халықаралық деңгейде дамыту мақсатында Өзбекстан мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының форумы аясында Үкімет басшыларының қатысуымен Ташкент, Самарқанд, Бұхара облыстары мен Түркістан облысы құрамдастырылған турларды әзірлеу және оларды әлемдік нарықтарда ілгерілету бойынша төрт жақты келісімге қол қойылды. Биыл Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржолдың жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаны іске асыру екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен туризмді дамытуға оң әсер береді», - деді облыс әкімі өз сөзінде. 


Түркістанда 1150 пәтер пайдалануға берілді
«Керуен сарай» жеке инвестиция есебінен салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу