ҚaзҰУ – әлeмдiк дeңгeйдeгi oқу opдacы
10-12-2021
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті» - деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, бұл істе түбегейлі өзгерістер қажет екендігін сөз етіп, нақты жұмыстар жүргізуді тапсырған.
Бұл бағытта облыста көптеген пилоттық жобалар енгізіліп, білім, денсаулық, жер және тұрғын үй салаларында ауқымды жоспарлар жүзеге асуда.
Жұмысқа қабылдау шараларын автоматтандыру қолға алынған. Барлық 902 мектепте smart.nation жүйесі ендіріліп, бос жұмыс орындарға үмітті 2 243 адам жұмысқа қабылданды. «Sanaly Urpaq» жобасы аясында емтихандары кезінде ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілген. 20 мектеп-интернаттардың асханалары мемлекеттік-жекешелік аясында сенімгерілік басқаруға берілген.
Денсаулық сақтау саласында да елеулі жетістіктер бар. 40 медициналық ұйымдардың барлығы 100% электронды құжат айналымға өткен. 233 медициналық форманың 175 электронды денсаулық паспорты жасақталған, дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу 100 % пайызға жеткізілді. 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшу шаралары жүзеге асырылып жатыр.
Құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілуіне байланысты тұтынушы мен қызмет берушінің арасындағы байланыс 100% жойылған.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне тіркелу халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, кезекке қоюды автоматтандыру пилоттық жобасы Түркістан қаласында жоспарланып отыр.