Неғұрлым көп адамды тірі алып қалу үшін осындай «жауыздыққа» баруға тура келеді

Oinet.kz 10-04-2020 1631

Қымбатты оқырман! Пост ұзақ, сондада аяғына дейін оқуыңызды сұраймын. Мен бармақ пен жүрекке зәру емеспін, оларды баса салып істі тындыға санамаңыздар.

Тағы қайталаймын, аяғына дейін оқыңыздар!!!

Screenshot_6.jpg

Әзірше сіздерді үкімет карантин сақтауға шақырып, штрафпен жазалап жатқан кезде мен сіздерге карантин сақталмаған жағдайда оқиғаның қалай өрбитінін айтып берейін.

Мүмкін айыппұл мен үгіттеу шараларынанда жақсырақ түсінуіңізге көмегі болар

Карантин дегеніміз - індеттің кесірінен науқастардың санының күрт өсуіне қарсы іс-шара. Ондай жағдайда бір уақытта дәрігер көмегін қажет ететін аурулар саны ауруханалардың мумкіндігінен ондаған есе асып кетеді.

Бұндай жағдайда (әрине, бетін әрі қылсын) дәрігерлер осындай қысылтаяңға арнап жасалған нұсқаулар бойынша жұмыс істеуге кіріседі.

Бұл нұсқауларды эпидемиологтар, "медицина катастроф" жайлы оқыған дәрігерлер, сонымен қатар әскери медицина кафедрасы бар ЖОО студенттері жақсы біледі.

Ең тәжірибелі деген дәрігерлерді оларға жүктелген басқа барлық жұмыстардан босатып, келіп түсіп жатқан науқастарды сұрыптауға қояды.

Олардың негізгі міндеті - келген аурулардың жағдайларын жеңіл, орташа, және ауыр деп сұрыптау.

Қалған дәрігерлер тек ТЕК ҚАНА орташа жағдайдағы ауруларды емдеумен айланысады.

"Жеңілдерге" санитар, немесе тәжірибесі аз медбикенің қадағалауымен өздеріне өздері көмек жасауға нұсқаулар беріледі.

Жағдайлары ауырларды палатада жатып өлімді күтуге жібереді.

Олар үшін(онсызда жетпей жатқан) ешқандай ресурсты ысыраптамайды. Егер барлық "орташаларға" көмек көрсетіліп болған шаққа дейін тірі қалғандары болса, сонда ғана дәрігерлер оларғада көмек бере бастайды.

Бұл өте қатаң шаралар, бірақ неғұрлым көп адамды тірі алып қалу үшін осындай "жауыздыққа" баруға тура келеді.

Әйтпесе, дәрігерлер бір "ауырмен" әлек болып жатқан кезде бірнеше "орташалардың" өліп қалуы, сондайлардың ондағаны "орташадан" "ауырға" кетіп қалуы әбден мүмкін.

Алғашқы сұрыптау - ең жауапты да күрделі жұмыс, сол себептен ол жерге ең тәжірибесі көп дәрігерлерді қояды.

Ал тәжірибесіз дәрігерлер психологиялық қысасқа шыдай алмай аман алып қалуға еш үміт жоқ бала, я болмаса жүкті әйелге қымбат ресурстарды шығындап қоюы мүмкін.

Неболмаса қатты айқайлап көмек сұрауға шамасы бар жағдайы «жеңілдерге» жіберіп алады.

Коронавирус кезінде «ауырларға» жасы егде адамдар, және созылмалы(хронический) аурулары бар адамдар жатады.

Міне, осылардың өліміне карантинді сақтамаған СІЗ КІНӘЛІСІЗ.

Себебі, оларды құтқаруға керекті жабдықтар(өкпені қолдан желдету аппараттары, т.б.) бұл уақытта сіз және сіз індет жұқтырған аурулармен бос болмай жатыр.

БҰНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН СІЗГЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:

1. Карантинді қатаң сақтаңыз, өте қажет болмаса үйден шықпаңыз.

Тіпті сіз симптомсыз немесе жеңіл түрімен ауырсаңызда көптеген адамға індетті жұқтыра аласыз, ал олар болса онсызда толы ауруханаларға қосымша күш түсіреді.

2. Жастары егде туыстарыңызды, ата-аналарыңызды көшеге шықпауға, ешкіммен контакт жасамауға (тіпті сізбен де) иландырыңыз.

Үйлерінен шықпасын, хал-жағдайларыңызды телефон арқылы біліп отырыңыздар.

Азық-түлікті курьерлер немесе көршілері әкеліп беріп отырсын, сумканы есіктің сыртына қалдырсын.

Үй шаруашылығына көмектесетін келіп-кетіп жүретін қызметшілері болса келуді тоқтатсын.

Өз өмірлерін қатерге тіккенше біраз уақыт шашылып жатқан үйдеде өмір сүре тұруға болады.

Оларға күнде қоңырау шалып, сіз берген нұсқаулардың орындалуын қатаң бақылаңыз(ешкіммен жүздеспесін, ешқайда шықпасын!).

3. Осы айтылғандарды өз подъезіңіздегі қартаң адамдарғада түсіндіріңіз.

Олармен тел. номерлерін алмасып, дүкенге бара жатқанда оларға да не керек екенін біле салып отырыңыз.

Бір нәрсе сатып әкелу қажет бола қалса ұялмай сізге қоңырау шалсын.

4. Гигиенаны сақтаңыз.

Қолма-қол ақшаны ұстаған соң; 

қоғамдық орындарға(өте қажет) барып келгенсоң;

қолды ЕКІ МӘРТЕ сабындап, немесе антисептикалық гельмен жуыңыз.

Қайта-қайта қолыңызға алатын, бетіңізге тигізетін болғандықтан телефоныңыздыда оқтын-оқтын дезинфекциялап отырыңыз

БАРШАҢЫЗҒА ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ

ЖӘНЕ ҰЗАҚ ӨМІР ТІЛЕЙМІН

photo_142779.jpg

Олег Бакум.

Аударған Дәуренбек Мұқышев

Фейсбуктегі парақшасынан

«Заманбек өзін-өзі қалай үш рет атса, ақсақ құлан да Жошыны солай теуіп өлтірді»
Дәрігерлер алдап жатыр ма?!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу