Тұңғышбай Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжанның некесіне пікірін білдірді

Oinet.kz 17-09-2019 2125

A0BC5F1B-5F08-43DB-A8AB-59931F44E028.png

Тұңғышбай Жаманқұлов өзінен он жасқа үлкен өнердегі әріптесі Нұрғали Нүсіпжанның жас әйелімен некесі жөнінде пікірін білдірді.

Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер, актер Тұңғышбай Жаманқұлов "Қарақатпен шай" бағдарламасында Нұрғали Нүсіпжанның отау құрғаны туралы өз ойын айтты.

-Қазақта "бөріктінің намысы бір" деген бар. Махаббат деген сезім қай күні келетінін бір Алла біледі. Мен ол кісілердің қосылуын жүрек қалауы деп есептегім келеді. Жүректерінен бір тартылыс күші болды-ау деп есептегім келеді. Мен оны кінәлағым келмейді.  Жас мәселесін ойлағанда, япыр-ау неге бұлай болды екен деген таңқалыс болды. Оның үстіне Нұрғали ағам тік жүріп, абайлап сөйлеп, қадамын санап басатын "педант" кісі болатын, -деді Тұңғышбай Жаманқұлов Қарақатқа берген сұхбатында.

Оның үстіне актер әншінің негізі өте тік жүретін, тік мінезді, әр басқан қадамын ойланып басатындығын да атап өтті. 

"Мен бұл кісінің бірінші әйелі қайтыс болғанынан, 5 қызы бар екенін де білмейді екенмін. Өзі сахнада ән айтқанда да, эмоцияға беріліп, есі шығып кетпей, өте мәдениетті айтады ғой. Ол кісіден мұндай шығады деп ойламағаным хақ", -деп таң қалғанын білдірді.

Тұңғышпай Жаманқұлов осы тұста өзінің де әйелі өз шәкірті болғанын, ес-түссіз ғашық болғанын атап өтті.

Ал Қарақаттың дәл осы жағдай актердің де басынан өтуі "мүмкін бе-сін" сұрағанда, Тұңғышбай Жаманқұлов күліп, кепілдік бере алмайтынын айтты.

Нұржан Керменбаев: «Жанар менен кешірім сұраған. Оған ренішім жоқ»
Айжан Нұрмағанбетова: «Менде қасиет бар. Арнайы көріпкелдік байқауына да қатысқанмын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу