«Мыналарың нағыз арсыз екен ғой»: Марқұм сәбиді еске алу кешінде «ырбаңдаған» жұлдыздар сынға қалды

Oinet.kz 23-01-2023 961

Блогер Әсел Асқар былтыр шетінеп кеткен ұлына арнап бейнебаян түсіріп, естелік кешін ұйымдастырды. Жиынға отандық жұлдыздарды шақырған. Еске алу кешінен Мадина Сәдуақасова Instagram желісіндегі парақшасында өзге жұлдыздармен билеген биін желіге жариялаймын деп оңбай сөз естіді, деп хабарлйды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Аталған видеоға желі қолданушылары: "Адам сәбиінің қайғысына ортақтассын деп ұйымдастырған шарада, құрығанда жай келіп басқа жерде де ырбаңдауға болады ғой", "Әселдің қайғысына ортақтасуға барған ба, әлде көңіл көтеруге барған ба. Біреу бауыр еті баласынан айырылып қайғы жұтып жүрсе, мыналарың нағыз арсыз екен ғой. Алдында не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі. Не деген мейрімсіз боп барамыз. Осылар да ана ғой әйел жанын әйел түсінбегенде кім түсінеді? Алладан қорықпағаннан қорық деп осыларға айтылған-ау неге барғанын білмейді еске алу емес пе? Қайғыңды бөлісіп қайғыра алмаған адам дос емес саған", "Сендерге сана берсін", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы болып тұр ғой. Ұят-ай, көргенсіздер. Ана періште болып ұшқан сәбиін еске алып отырса. Намыстары жоқ",- деп жерден алып, жерге салып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

«5:32» сериялының авторлары қазақстандық жазушымен соттасып жатыр
«Сотқа беремін!»: Шахизада қарызын қайтармай жүргендерге ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу