«Сотқа беремін!»: Шахизада қарызын қайтармай жүргендерге ескерту жасады
Отандық әнші Шахизада киім дүкенінен қарызға киім алған клиенттерге қарызын қайтармаса сотқа беретінін айтып, Instagram парақшасында сес көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
“Менің сыйлағанымды, түсіністікпен қарағанымда пайдаланып, алдап, киім алып кетті. Бүгінгі күнге дейін қарыздарымды қайтармаған адамдарға деген ренішім осы. Қарызды үш рет сұрайды. Менің сұрап жүргеніме 5-6 ай болды. Ақшада достық жоқ деген осы болар. Көзім енді жетті”, – деп жазды өнер иесі.
Әнші оларға соңғы күн уақыт беретінін айтып, желіге суреттерін жариялаған.
“Менің дүкеніме келіп, киімдерді қарызға алдыңыздар. Қалай ұялмай киіп жүрсіздер? Соңғы күн уақыт беремін. Сурет пен видео шығарамын. Сотқа беремін”, – деп ескерту жасады әнші.