Желіде ер адам үйге кірген жарқанатты ұстауға қорқып, әжесіне алдырған сәті жұртты күлдірді (видео)
Әлеуметтік желіде үйіне кіріп кеткен жарғанатты ұстау үшін ер адамның әбден дайындалып, соңында ұстауға қорқып, әжесіне алдырған видеосы тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Видеодан ер адамның жарғанатты ұстау үшін арадан қорғанатын маска (бас киім) киіп, толық қымтанғанын байқауға болады. Бірақ соңында оны алуға дәті бармай, әжесін үстелдің үстіне шығарып, соған алдырады.
Желі қолданушылары: "Жарқанат жабысып қалады дегенді көп естіген шығар", "Немересіне қарағанда әжесі мықты екен", "Отан қорғайтын жігіттер азайпы барады", "Әйел қырық жанды деп бекер айтпаған-ау" деп пікір қалдырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram