Сәкен Майғазиев жан-жарының туған күніне ерекше тосын сый жасады (видео)

Oinet.kz 31-08-2022 2242

Отандық әнші Сәкен Майғазиев жан-жарына тағы да ән арнады. Әнші кезекті әнін жарының туған күні мен күміс тойға орай тосын сый ретінде тарту етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Динара және Сәкен Майғазиевтер осыдан 25 жыл бұрын отау құрды. Бүгінде бір ұл, үш қыздың ата-анасы. Бұған дейін Майғазиев жұбайына "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" атты әнін арнаған болатын. Аталған трек ғашықтардың гимніне айналды десек те болады. Араға бірнеше жыл салып, Сәкен жұбайы Динараға деген сезімін тағы бір әнмен жеткізді. 

"Адал жарымның туған күніне ән арнадым. Қыздың жасы 18 десек те, жүрегімнің ішіндегі жүрегім бүгін 45 жасқа толды! Отау құрғанымызға 25 жыл! Бір АЛЛАға сансыз мақтаулар болсын! Ұл-қыз, немере-шөберелеріміздің бағына бірге қартаюды жазсын деп тілеймін", - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Мақпал Исабекова «көкек аналарға» және олардың жақындарына ақыл айтты
«Еркек болған соң қызғанады»: Балжан Бидаш сахнаға оралу туралы ойын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу