Мақпал Исабекова «көкек аналарға» және олардың жақындарына ақыл айтты
Отандық әнші Мақпал Исабекова соңы жылдары қоғамымызда көптеп белең алып кеткен баланы әр жерге тастап кететін "көкек" аналарарға қатысты ойын білдірді. Және мұндай жағдайлардың алдын алу үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Балалы болмас бұрын өзіңіздің әлі бала емес екеніңізге, тағы бір адамның өмірі үшін жауапкершілік алуға дайын екеніңізге көз жеткізіңіз. Балаларды қазылған орға тастамас үшін бірінші кезекте жыныстық тәрбие емес, ата-аналар мен балалар арасында сенімді қарым-қатынас түзілуі керек деп ойлаймын.
"Бала үйдегі үлкен адамға өзіңнің проблемасын айтып келуден қорықпау керек. Ата-ананың қашан да өз жағында екенін, қорғайтынын білуі керек. Сонда ол қолдауды әлі ақылы толыспаған қатарластарынан емес, үйден іздейтін болады", - деді Исабекова.