Актер Данияр Алшынов отбасын құрды

Oinet.kz 25-08-2022 1021

Отандық актер Данияр Алшынов, Ажар Күнболат есімді белгілі модельмен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_38.jpg

Бірер күн бұрын Ажардың ұзату тойы болып өткен. Қалыңдықты Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай ұзатты. Ол жас жұбайлардың ортақ досы көрінеді. 

"Құттықтауларыңызға рахмет. Айтпақшы бұл үйлену той емес, ұзату той. Үйлену тойымыз әлі алда", - деп бөлісті Данияр Алшын.

Ал Данияр мен Ажар осыдан бір жыл бұрын Грузияда танысқан көрінеді.

"Біз барлығымыз өткен жылдың қазан айында Грузияда таныстық. Қызық, бірақ саяхатқа деген махаббат өмірді түбегейлі өзгертеді. Сол кезде Грузияға бармасақ, қазір осы жерде тұрмас едік", - деді жас жұбайлардың ортақ досы dan_a_t.

«Алтыбақандағы романтика»: Жеңіс Ысқақованың күйеуімен алтыбақан тепкен сәті елді сүйсіндірді (видео
Әннің сөздерінде есірткіні насихаттаған қазақстандық әншілер жауапқа тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу